Міне, COVID-19 пандемиясының дүние жүзін дүрліктіргеніне жеті айдың да жүзі болды.
Қытай елінің Ухань қаласынан бастау алған коронавирус инфекциясы қазіргі таңда жаһан жұртының тынысын тарылта бастады. Күн сайын вирустың әсерінен жүздеген адамдар өмірімен қоштасуда. Әлем мемлекеттерінің көпшілігін сарсаңға салған коронавирус инфекциясы бүгінгі күні ел тұрғындарын да бей-жай қалдырған жоқ.
Елімізде жүздеген адамның ажалына себеп болып отырған бұл кесел өршімесе әзір басылатын түрі көрінбейді. Сондықтан қауіпті індет теледидардың да, газет-журналдың да басты әрі өзекті тақырыбына айналды.
Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай Мемлекеттік комиссия коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында елімізде 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялаған болатын. Өкінішке орай, елдегі жағдай әлі де болса басылар емес. Сондықтан, қатаң шектеу шаралары 2 тамызға дейін жалғаспақ.
Сурет: ашық дереккөзден