Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Уақытынан 5 күн кешігіп келген газет – газет емес»

Мен бүкіл өмірімді ауданның ауыл шаруашылығы саласына арнаған жанмын.

Қайнаған қызу еңбек дүбірі артта қалып, бүгінгі күні зейнеткермін. Кезінде қоғам өміріне араласып өскен ұрпақ болғандықтан, үйде отырғанымызбен елдің, ауданның жаңалықтарын теріп, бағамдап отырамыз. Осы орайда, біздің басты жүгінеріміз – баспасөз. Алайда, жазылған газеттеріміз уақытында қолымызға тимейді. Жинап-жинап 15-20 күнде бір әкеледі. Жас ұлғайғанмен көз ашық, көкірек ояу.

«Уақытынан 5 күн кешігіп келген газет – газет емес» дегендей ескірген ақпарат біздің заңды тұтынушылық сұранысымызды қанағаттандыра алмайды. Қолымызға уақытында тимегесін соңғы жылдары жазылуды да қойдық. Біз секілді үлкендер жағы аудан жаңалықтарын газеттен оқиды ғой. Қазір газет келмегесін аудан жаңалықтарынан мақұрымбыз. Әлеуметтік желі түгілі теледидардан да біздің ауданда болып жатқан жаңалықтарды көрсете бермейді. Қазір біз газет оқымайтын ауылмыз. Сондықтан, аудандағы басшылар бұл олқылықтың орнын толтырса деймін.

Бұл менің ғана емес барша ауыл тұрғындарының да тілегі.

Оңғар ҚОЙШЫБАЙ,

Кенбай елді мекенінің тұрғыны

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521