Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ұтыс ойынын өткізу жоспарда бар

Биыл «Кәусар» ән-би тобының құрылғанына бір жыл.

Осыған орай, ұтыс ойынын өткізуді жоспарлап отырмыз. Мақсат – пайда табу емес, жеке кәсібімізді одан әрі дамытып, халық арасына таныту. Яғни, билет алушы біздің әлеуметтік парақшамызға тіркелу арқылы талаптарымызды орындайды. Билеттер сатылымға шығып та кетті. Басты жүлде жылқы. Ал, билет бағасы қалтағы қонымды. Сол секілді барлығын заңдылыққа сәйкес жасап, түскен табыстан салық та төленеді.

Қазіргі таңда қоғамда, мұндай ұтыс ойындарын өткізу белең алып кеткені жасырын емес. Сондықтан болар, халық көкейінде сенімсіздік басым. Өйткені, көпшілігі тамыр-таныстыққа жол беріледі деп ойлайды.

Сондықтан біз ұтыс ойынының билетін туған-туысқа сатпай, ашық, әділ өткенін қалап отырмыз. Жалпы, ұтыс ойынын өткізу әркімнің өз еркінде. Оны қалай ұйымдастырады, бәске не тігіледі, оны да өзі біледі. Тек заңды тұрғыда ұйымдастырылса болғаны деп білемін.

Әсел ТАУШАНОВА,

«Кәусар» ән-би тобының жетекшісі

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521