Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ақша салып ұтысқа қатысуға болмайды

Қазір әлеуметтік желі арқылы лотерея ойындарын өткізу үрдіске айналды.

Ал, діни тұрғыдан алып қарағанда бастапқы жарнасыз болуы керек. Егер, ұтысқа қатысу үшін белгілі мөлшерде ақша төлеу немесе ақша тігу шарты қойылған болса онда ол құмар ойынның санатына жатады. Ал, ұтысқа қатысушы тегін қатысса оның еш әбестігі жоқ. Әлеуметтік желі арқылы өзінің жеке көлігін, пәтерін ұтысқа қойып сату тәсілі бар. Онда билетті белгілі сомаға сатып аласыз. Кейін бағыңызға қарай ұтуыңыз да мүмкін, ұтылуыңыз да мүмкін. Ұтыстың бұл түрі шариғатқа қайшы.

Себебі, ұтысқа қатысушы ұтысты болатынын нақты білмейді. Көптеген адамдар маңдай терін төгіп тапқан ақшасын отбасының нәпақасынан жырып, осы ұтыс ойындарына құйып жатады. Бұл жердегі ұтушы кездейсоқтық қана. Бұл да құмар ойындарының қатарына кіреді. Өйткені, ол жерде жеңіл жолмен, күш жұмсамай пайда табу мақсаты көзделген.

Иғали ІЗТҰРҒАНОВ,

«Бөкен би» мешітінің имамы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз