Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған «Цифрландыру және жасанды интеллект дәуірінде ұлттық мүддеге сай сыртқы саясат пен тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму» туралы сөзі — бүгінгі күннің басты бағытын айқындайды.
Шынында да, цифрландыру мен жасанды интеллект тек технологиялық жаңалық емес, ол – елдің экономикалық қуатын арттырудың, тиімді басқарудың және азаматтардың өмір сапасын жақсартудың шешуші тетігі. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл үдеріс ұлттық мүддемен ұштасқанда ғана шынайы нәтиже береді. Сондықтан елімізде цифрлық инфрақұрылымды дамыту, жасанды интеллектті мемлекеттік басқару мен өндіріс салаларына енгізу, отандық IT мамандарды даярлау – Қазақстанның болашағын айқындайтын маңызды қадамдар болмақ.
Какима Омарова, зейнеткер


