Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Томан ауылының 150-ге жуық тұрғыны тұрақты электр энергиясымен қамтылды

Атырау облысы, Исатай ауданына қарасты Томан ауылында электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстары сәтті аяқталып, 150-ге жуық тұрғын тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етілді,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жобаға сәйкес Х. Ерғалиев ауылындағы №83 «Новобогат» 110/10 кВт қосалқы стансасынан 30 шақырымдық электр желісі тартылды.

- Жаңғырту жұмыстары барысында қосалқы стансаға қуаты 6300 кВА болатын трансформатор және қос жаңа ұяшық орнатылып, заманауи электр жабдықтары орналастырылды. Бұл инфрақұрылымдық жоба ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, тұрмыстық және шаруашылық қажеттіліктерін тұрақты әрі қауіпсіз электр қуатымен қамтамасыз етуге жол ашты,- деді Атырау Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының баспасөз хатшысы Амангүл Айтбай.

Жобаның бас мердігері – «Айком Ltd» ЖШС. Басқарма өкілдерінің сөзінше, компания барлық жұмысты белгіленген мерзімде, сапа талаптарына сай орындады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT