Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Еліміздегі балалар демалыс орындарында санитариялық бақылау күшейтілді

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ведомствоның жазғы кезеңде балалар демалыс орындарының санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және медициналық сүйемелдеу бөлігіндегі жұмысы туралы баяндады. Маусым басталғанға дейін әрбір лагерь, шатырларды қоса алғанда, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны (СЭҚ) алуға міндетті.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы демалыс орындарының 19%-ы дайындықты уақытында аяқтаған жоқ және балаларды қабылдай алмады.

Жазғы кезеңде балалардың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әрбір маусымдық лагерьге санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары бекітілді, лагерь басшылығымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде және Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде қауырыт желі ұйымдастырылды.

Ақмарал Әлназарова әкімдіктерді жұмысты жеделдетуге және маусым басталғанға дейін дайындық кезеңінде-ақ жөндеу жұмыстарын аяқтауды, аумақтарды абаттандыруды, инженерлік желілерді тексеруді, мүкәммалмен жарақтандыруды және СЭҚ-ны уақтылы алуды қамтамасыз етуге шақырды.

Сондай-ақ ол ата-аналарға Министрліктің сайтында тізімделген демалыс орындарын таңдау және жазғы сауықтыру демалысына жібермес бұрын балалардың денсаулығын бақылау туралы ұсыныстарын жеткізді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT