Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ТМҰ: Қазақстан Сыртқы істер министрі IT мамандарының форумын өткізуді ұсынды

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Түркі мемлекеттері ұйымы саммиті аясында Әзербайжан Республикасы мен Мажарстанның сыртқы істер министрлері Джейхун Байрамов және Петер Сийяртомен екіжақты кездесу өткізді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Әзербайжан Сыртқы істер министрімен кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық пен оны одан әрі дамыту перспективалары, сондай-ақ биік және жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы талқыланды.

Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің Қазақстан Республикасына алдағы мемлекеттік сапарына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Министр сапар барысында цифрландыру саласындағы Астана мен Баку байланыстарына қосымша серпін беру үшін IT мамандарының форумын өткізуді ұсынды.

— Мажарстан сыртқы саяси ведомствосының басшысымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы қарашадағы Мажарстанға мемлекеттік сапарының, сондай-ақ Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок пен Парламент Спикері Ласло Кевердің 2025 жылғы қыркүйек-қазанда Қазақстанға жасаған сапарларының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысы талқыланды, — делінген ақпаратта.

Тараптар ауыл шаруашылығы, энергетика, денсаулық сақтау және қаржы салаларындағы бірлескен жобаларды кеңейту мәселелеріне тоқталды. Жоғары деңгейдегі белсенді саяси диалог екі ел арасындағы сенімді нығайтуға және стратегиялық өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге ықпал ететіні аталып өтті.

Қазақстанның IT және цифрландыру саласындағы жетістіктерін ескере отырып, Е. Көшербаев елдер арасындағы серіктестікті осы перспективалық бағытта, оның ішінде «Alem.AI» халықаралық жасанды интеллект орталығының базасында кеңейтуді ұсынды.

Сонымен қатар өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Тараптар көпжақты құрылымдар шеңберінде одан әрі тығыз ынтымақтастыққа бейілділігін растады.

Айта кетейік, Қырғызстан ТМҰ төрағалығын Әзербайжанға тапсырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT