Облысымызға белгілі азамат, республикаға айрықша еңбегі сіңген зейнеткер, білім және партия ардагері Парух Нәжімеденұлы Мардановқа өзінің еңбек жолын бастаған Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы атағы берілген болатын.
Жақында Қызылқоға ауданының әкімі Арман Бәженов пен аудандық мәслихат хатшысы Толқын Бейсқали арнайы келіп, ардагерге «Құрметті азамат» төсбелгісі мен куәлігін, сондай-ақ өңірлік лентасын табыс етті. Оған жастарды тәрбиелей беруге үлес қосып, ұзақ ғұмыр тіледі. Марапат иесі өзінің жүрекжарды ризашылығын білдіріп, аудан халқына, оның басшылығына жемісті де табысты еңбек биіктерінен көріне берулеріне тілектестігін білдірді. Тіл жанашыры мемлекеттік тілдің болашағы туралы толғанысын жасыра алмады.
Әбілхан Сейтімұлы,
Атырау қаласы