Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Тиімді жол - екпе алу

Әлемді әбігерге салған коронавирус дерті әлі де болса айылын жияр емес.

Әсіресе, шілде айында қайтадан күшейді. Мен екпе алу мәселесі алғаш айтылып, ауданда салына бастағанда «Тәуекел» деп барып, алып алдым. Жолдасым да екпе салдырды. Ешқандай кері әсері болған жоқ. Мұның бәрі өзімнің, отбасымның саулығы үшін маңызды. Екпе алғанның бір жақсысы – ауру күшейіп жатқанда алаңсыз жүресің. Себебі, екпе алғаннан кейін денеде ауруға қарсы имуниттет пайда болады.

Жалпы қазіргі қоғамда екпеге байланысты алып-қашпа әңгімелер көп айтылуда. Кейбір жандар екпе зиян десе, дәрігерлер қауымы «Вирустан құтылудың төте жолы екпе алу» деп отыр.

Бұл орайда, халық алып-қашпа сөзге емес мамандардың пікіріне құлақ асқан дұрыс. Және екпені тек біздің ел емес тұтас әлем алып жатыр. Әлем ғалымдары да екпе алудан басқа жол жоқ екендігін айтуда. Сондықтан екпе алудан бас тартпау керек.

Санжар ТІЛЕГЕНОВ,

Азаматтарға арналған үкімет МК КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалының Қызылқоға аудандық

Тіркеу және жер кадастр бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521