Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Халық ауыл әкімдерін 25 шілдеде сайлайды

Биыл еліміз бойынша, барша қазақстандықтар үшін алғаш рет ерекше форматтағы сайлау өткелі тұр.

Өз елінің, туып-өскен жерінің көркеюіне үлес қосар азаматтарды халық енді өзі таңдайды. Аудан бойынша сайлауға Көктоғай ауылдық округі мен Жарсуат ауылдық округі тұрғындары қатысады. 6 кандитат барлық тексерістерден өтіп тіркелді.

Оның бірі - "Nur Otan" партиясынан, енді бірі - "Ауыл" партиясынан, қалған төртеуі - өзін-өзі ұсынушылар. Үміткерлердің үлкені - 59 жас шамасында, орташасы - 53 жас, ең жасы - 36 жас шамасында. Сайлау үш учаскеде өткізіледі. 19 комиссия мүшелері құрылды. Барлығы бүгін ПТР тестін тапсырып отыр.

Оның ішінде 14 адам толықтай вакцинация алды, қалған 5 адам белгілі себептермен екпе ала қоймады. Үгіт насихат жүргізу жұмыстары бүгін түнгі 00:00 де аяқталады. Ертең сайлау алды бір күн демалыс деп есептеліп отыр. Сайлаудың ерекшелігі сол, халық өз туып-өскен жерінің азаматтарын өздері сайлайды. Науқан ахуалға байланысты барлық санитарлық талаптар сақталып өткізіледі. Антисептик, маска барлығы қамтамасыз етілген.

Әділгерей Сәкенов,

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521