Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Теңіз кеніші құрылыс жұмыстарын тоқтатты

Аtpress.kz сайытының мәлімдеуінше, бұл туралы түске дейін өткізілген брифингте ТШО компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі бас менеджері Р. Артығалиев хабарлады.

- Өндіріске жұмылдырылмаған қызметкерлерді шығару ТШО, мердігер мекемелер мен мемлекеттік органдардың көмегімен жүзеге асырылып жатыр, - деді ол. 

Оның айтуынша, алғаш мердігер мекемеде жасайтын қызметкерден COVID-19 табылғандығы расталғаннан бастап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін және қауіпті дерттің таралуына жол бермеу үшін алдағы уақытта жұмыс қарқынын төмендетіп, қызметкерлер санын азайту көзделуде. Бұл дегеніміз өндірістегі барлық құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылады дегенді білдіреді. «Келешек Кеңею Жобасында» кейбір жұмыс түрлері ғана жасалатын болады. «Бұл шаралардың нарықтағы бағаларға еш қатысы жоқ, аталмыш шаралар Теңіз кенішіндегі қызметкерлердің қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау мақсатында алынғандығын қаперлеріңізге беремін»,-деп нақтылады Рзабек Артығалиев.

ТШО компаниясы мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, елдегі төтенше жағдай режимі аясындағы шектеулерге байланысты кеніштегі жұмысшыларды қауіпсіз шығару жоспарын жасақтауда.

 

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT