Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен сәуір айынан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы қолға алынды. Іс-шара елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға, халықтың экологиялық мәдениетінің деңгейін арттыруға, азаматтарды қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тартуға бағытталған.
Аталған жоба еліміздің барлық өңірін қамтып, қалыпты экологиялық болашақтың негізін қалады. Наурыз-қараша айлары ара¬лығында акция 5,83 миллионнан аса адамды біріктірді, бұл ел халқының едәуір бөлігін құрайды. Іс-шаралар аясында бұқаралық сенбіліктер өткізілді, оның барысында 1,159 мың тон¬надан аса қоқыс жиналып, 1,609 мыңнан аса ағаш отырғызылды. Жобаның ерекше бір же¬тістігі азаматтарға экология салବсындағы проблемалар туралы хабарлауға, оларды шешуге қатысуға мүмкін¬дік беретін @TazaQazBot цифрлық платформасын құру болды. Бір жыл ішінде чатбот арқылы 7 929 өтінім түсті. Оның ішінде – 7 061 өтінім орындалды, 168 өтінім орындалу үстінде, 23 өті¬нім қаралып жатыр, 674 өті¬нім кері қайта¬рылды. Ең жиі жасалған өтінім¬дер: аумақ¬тарды жинау – 2 142 өті¬нім, тұрмыстық қоқыс¬тар¬ды шығару – 668 өтінім, көше-лерді абаттандыру – 648 өтінім, жолдарды жөндеу – 595 өтінім. Чатбот экологиялық мәс嬬ле-лерді жедел шешуге ық¬пал ете отырып, азаматтар мен мем¬лекет арасындағы диалог¬тің тиім¬ді құралына айналды.