Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Атырау айшықтары» деректі фильмі көрсетілді

Қуатты өңір – Атырау – қуатты Қазақстан деп аталатын «алып оркестрдің» үнін асқақтатқан айшықты өңірлердің бірі. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында ғана Атырау облысының жалпы ішкі өнімі 6,7 трлн теңгеге жетті. Осылайша, облыс экономикасы бүкіл республиканың жалпы ішкі өнімінің 12,7 пайызын құрады.

Еліміздің мұнай астанасы қара алтын мен көгілдір отын өндірудің бірінші деңгейінен өңдеудің екінші деңгейіне көтеріле алды. Оған дәлел – облыста ашылған «Ұлттық индустриалды-мұнай-химиялық технопаркі» арнайы экономикалық аймағы. Бұл ерекше аймақ әлемдегі полипропиленнің 1 пайызын өндіреді. Мұнда Қазақстанның 10 миллион шаршы метр геотекстильге деген жылдық сұранысын қанағаттандыратын жалғыз фабрика бар. Мұнда кәдімгі ауадан салқындатылған азот, салқындатылған оттегі және газ тәрізді оттегі өндірілетін болады. Ал Атыраудағы бірінші вагон құрастыру зауыты өндіріс қуатын жылына 6500 вагонға жеткізбек.

img 4526

Атырау облысының индустриялық-инновациялық, әлеуметтік-экономикалық әлеуеті туралы «Атырау айшықтары» деректі фильмін ҚР Президентінің телерадиокешені ұсынды. 

Сілтеме ⬇️

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT