Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Тазалықты сақтау ортақ іс

фото: newqazaq.kz
фото: newqazaq.kz

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты 2024 жылғы 2 қыркүйектегі кезекті Қазақстан халқына Жолдауында «Таза Қазақстан» акциясының сапалы жүргізілуіне әкімдер жауапты екенін айтқан болатын. 

«Таза Қазақстанның» аймақтарда сапалы жүзеге асуына әкімдер тікелей жауапты. Олар жұртқа істің мән-маңызын түсіндіріп, жұмысты дұрыс үйлестіруге міндетті. Аймақ басшысы шаруашылықпен ғана айналыспайды. Әкім қоғамдық, рухани мәселелерді әрдайым назарда ұстауға тиіс. Әрбір басшы елмен етене жұмыс істеуі керек, тұрғындармен сенімді байланыс орнатуы қажет. Сонда жұрт та оның бастамаларын қолдайды, ел үшін пайдалы іске жұмыла кіріседі. Әкімнің абырой-беделі дегеніміз де – осы»,- деді Мемлекет басшысы.

Иә, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүйелі жұмысты ұйымдастыру әкімдерге міндеттелгенімен, біз ауыл болып, ел болып бірлесе жұмыс күшін көрсетуіміз керек. Жалғыз әкімнің жауапкершілігіне жүктеп қоймай, өзіміздің өлкеміздің табиғатын таза ұстауымыз қажет. Осындай бірлескен ұйымшылдық барда, жұмыс та қарқынды жүрмек. Сонда біз Таза Қазақстанға айналамыз деп ойлаймын.

Ж.Мырза

Мақат тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT