23 наурыз – Тазару күні. Бұл күн ұлттық экологиялық науқанға арналған. Ұлттық мерекеге экологиялық науқандарды енгізуде Мемлекет басшысы көтерген проблемалар аясында қоршаған орта мен табиғи ресурстарды қорғаудың маңыздылығын айшықтайды.
Тазару рәсімі – үй-жайды, аулаларды тазалап, бұлақтар мен арықтарды аршу, табиғатты қорғау әрі өткеннің сарқыншағынан құтылуды білдіреді. Бұл – табиғатпен үндес болу қажеттігі мен адамның айналасындағы әлемнің бір бөлшегі екенін еске салатын күн.
Бақыт – тазалық пен шынайылық орнаған жерге қонады. Ақын Фариза Оңғарсынова «Наурыз мейрамы – бір жағынан тазару күні. Адамның денесі ғана емес, жан дүниесі де таза болса, дүние жаңарады, жаңғырады» деп жазып кеткендей, бұл күні жан дүниемізді жаңартып, жұмылған жұдырықтай бір болғанға не жетсін?!
Бауыржан ЕРЖАН