Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында Атырауда тазалық жұмыстары қызу жүруде

2025 жылдың 23 маусымында Атырау қаласында таңғы бригада жағалаудағы көгалдар мен саябақтарда шөп шабу және газондарды күту жұмыстарын жүргізуді жалғастырды.

Осы күні учаске шеберлері мен жұмысшылар газондарды қырықтап, тырмалап, тыңайтқыштар енгізіп, триммермен өңдеу жұмыстарын атқарды. Сонымен қатар, шабылған шөптер уақтылы шығарылды. Күндіз бригада құрамында 8 адам мен арнайы техника қызмет етсе, кешкі уақытта «Отбасы» саябағында қолмен суару жұмыстарына 3 адам мен учаске шебері қатысты. Ал түнгі уақытта газондарды суару үшін 8 су таситын машина жұмылдырылды. Қаланың көрікті әрі таза қалпын сақтау мақсатында жүргізіліп жатқан бұл жұмыстар алдағы күндерде де жалғасатын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT