Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ – ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында, аудандық орталық кітапханада саяси қуғын-сүргін құрбаны, халық батыры Құныскерей Қожахметұлының туғанына 125 жыл толуына орай оқырмандар конференциясы өтті.

Конференцияда аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Құмар Хасанов жасаған хабарламасында сол кездегі қоғамдық-саяси ахуал, батырдың өмірі мен күрескерлігі туралы кеңінен баяндалды. Сонымен қатар, қолда бар деректерден слайд жасалып, кітап көрмесі таныстырылды.

Шараға қатысқан Миялы ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Тимур Мырзашов, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Мақсот Карин, аудандық «Қызылқоға» газетінің бас редакторы Бауыржан Сисенов, кітапхана оқырмандары Найзабек Аралов, Жаубасар Мұқанбетов, Мысырғали Берденов, Санақ Бегешов, Алмас Берденов жазушылар Х.Есенжановтың «Жүнісовтер трагедиясы», М.Мәжитовтың «Құмдағы із», Ө.Әлімгереевтің «Құныскерей» шығармаларын негізге алып және көз көргендердің естеліктеріне сүйене отырып, халық батыры туралы әңгімелерін, ой-пікірлерін ортаға салды.

Гүлжан АЙСАҒАЛИЕВА,

аудандық орталық кітапхананың

ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету секторының меңгерушісі

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521