Қызылқоға аудандық сотында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының жауапкер А.А.-дан несие шарты бойынша мерзімі өткен берешекті өндіру туралы азаматтық іс қаралды.
Талап қоюшы өз талап-арызында, жауапкердің қарыз беру туралы шарт бойынша міндеттемесін уақытылы орындамай жүргенін көрсетіп, мерзімі өткен берешегі 114 282 теңгені өндіруді сұраған.
Азаматтық істі қарау барысында, сот кеңсесіне тараптардан дауды сот медиациясы тәртібімен реттеу туралы өтініш түсіп, келісімнің шарттары бойынша, жауапкер несие шарты бойынша мерзімі өткен берешегін толығымен шартта көрсетілген мерзімге дейін төлеуге міндеттенеді.
Ал, талап қоюшы өз талабынан бас тартады. Сот ұйғарымымен, аталған азаматтық іс бойынша дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы тиісті келісім бекітіліп, азаматтық іс жүргізу тоқтатылды.
Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі.