"Жақында ғана ауыздақталған өрт бізге көп нәрсені аңғартты. Соның ішінде табиғатқа немқұрайлы қарағанның соңы жақсылыққа әкелмейтініне көз жеткіздік.
Салдарынан тұрғындар да жапа шекті. Әрине, «тілсіз жауды» ауыздақтауға бағытталған жұмыстар қарқын алды. Жағдай біртіндеп тұрақталып келеді. Алдағы уақытта қаскөйлер де анықталатыны сөзсіз. Десек те, мен осы арада тағы бір мәселені айтқанды жөн көрдім. Қазіргідей экологиялық дағдарыс ушығып тұрған заманда қамыс сияқты табиғи шикізаттан өнім шығару – аса маңызды бастама. Осы бағытта бірнеше жобалар жүзеге асыруға болатынын білемін", - дейді жеке кәсіпкер Асылбек ҚАДЫРБАЕВ.