Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Түсіністікпен қарайық, ағайын!

Еліміздегі ең ұлық мереке – Құрбан айт жақындап келеді. Жалпы, бұл мереке мұсылман қауымы үшін асыға күтетін ерекше күн.

Кеңестік Қазақстандағы атеистік насихаттың салдарынан ұмыт қалған Ұлық мереке еліміз егемендік алғаннан бері жыл өткен сайын жаңғырып, кең көлемде тойланып келеді. Алайда, биылғы жылы еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Құрбан айт өзгеше өткізілгелі тұр. Яғни, бұл күні құрбан айт намазы оқылмайды және құрбандық онлайн шалынады.

Жамағаттың құрбандыққа онлайн тапсырыс беруіне қолайлылық жасау үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Qurban2020.kz сайтын іске қосты. Сайттың көмегімен ел тұрғындары онлайн түрде құрбандық малын таңдап, төлем жасайды. Сондай-ақ, биылғы құрбан шалу рәсімінің тағы бір ерекшелігі – құрбандыққа шалынған малдың еті түгелдей мұқтаж жандар мен отбасыларға үлестіріледі. Бұрын құрбандық етінің үштен екісі мұқтаж жандарға немесе көршілерге таратылатын. Ал, құрбан шалған адам өзі алған бір бөлігіне ағайын-туыс, көрші-қолаңға дастарқан жаятын.

Алайда, карантин кезінде мұндай шаралар өткізуге тыйым салынғандықтан, құрбандық еті түгелдей мұқтаж жандарға таратылады. Қазір аудандағы мал сою пункті бар ауыл тұрғындарына сол жерден құрбандық шалу ұйымдастырылуда. Сол жерлерден шалынған құрбандық түгелдей таратылады. Мал сою пункттері бар ауыл халқы үйлерінен құрбандық шалып, халыққа таратуы тиіс. Мұның барлығы қауіпті дерттің одан әрі таратылмауы үшін қолға алынып жатқан шара. Сондықтан, өзіміздің және ет жақындарымыздың саулығы үшін бұған түсіністікпен қарайық және қолдайық.

Серік ТАУМАН,

Қызылқоға ауылдық бастауыш ардагерлер

ұйымының төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521