Жақында аудан орталығындағы Ы.Шөреков атындағы мектеп гимназиясында «Адалдық сағаты» болып өтті.
Оған Атырау қаласынан «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілі Айсәуле Ардаққызы, аудан әкімінің орынбасары Марат Әлменұлы, «Қызылқоға адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Жәния Қалиқызы және мектеп ұстаздары қатынасты. Онда оқушылар сыбайлас жемқорлық және онымен күрес жолындағы тақырыптарында өзара пікір алмасып, «қоғамның дертіне айналған бұл дерттің жолын кесудің бірден бір амалы - адалдықтан аттамай, қоғам алдында шынайы болу керек» деген ойларын ортаға салды.
Шара соңында "Атырау – Адалдық алаңы" жобалық кеңсе қызметкері Айсәуле Ардаққызы мектеп ұстаздары мен оқушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы "Адалдық алаңы" жобасының мақсатын жан-жақты түсіндіріп өтті.
Айымгүл ЖАЛҒАСҚЫЗЫ