Өткен аптаның жұмасы күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен «Ашық есік» күніне «Қызылқоға – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Жәния Ізбасқан мен жоба қызметкерлері де қатысып, «Халық заңгері» республикалық акциясы аясында тұрғындарды қабылдады.
Акцияға қатысқан тұрғындар жұмысқа тұру, тұрғын үй алу, баланы балабақшаға беру мәселелері бойынша сұрақтарын қойып, заң аясында тұщымды жауаптар алды. Сондай-ақ, жобалық кеңсе қызметкерлері келушілерге қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында түсінік жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық парақшалар таратты.
Өз тілшіміз