Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

БАЛАБАҚШАДАҒЫ БІР КҮН

Сағыз ауылдық округіндегі «Ақбота» балабақшасында әдіскер Ақмарал Қалдымұратованың ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында, балабақшаішілік «Қысқы спартакиада» тақырыбында біркүндік спорттық шара өткізілді.

index-15

Оған тәрбиешілер мен бүлдіршіндер белсене атсалысты. Алдымен, музыка жетекшісі А.Қаратаеваның ұйытқы болуымен, балабақша қызметкерлері флешмоб биін билесе, барлық топта музыкамен ертеңгілік жаттығулары жасалды. Одан соң, медбибі А.Мақсотқызы мен М.Абдоллаева таңғы ас мәзірін бүлдіршіндерге бидай жармасын көркемдеп, әрлеп ұсынса, дене шынықтыру нұсқаушысы А.Бермұханова кіші («Ботақан», «Балапан») топқа «Ғажайыптар әлемі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сол сияқты, балабақша психологы Р.Қобанованың орта топқа («Нұршуақ», «Қарлығаш») өткізген «Ой қозғалысы» атты психологиялық тренингі де бүлдіршіндерді бір серпілтіп тастады. Сонымен қатар, «Біз шыныққан баламыз» атты ересек топтар арасында спорттық сайыс болды. Онда «Айгөлек» тобы (тәрбиешісі З.Қарабаева) бірінші орынды, «Жұлдыз» тобы (тәрбиешісі Ә.Есжанова) екінші орынды, «Ақкөгершін» тобы (тәрбиешісі Г.Егізбаева) үшінші орынды жеңіп алды. Түстен кейін аталмыш балабақша қызметкерлері арасында «Шынықсаң шымыр боласың» атты спорттық сайыс болып, «Қыран» тобы бас жүлдені иеленсе, «Жалын» тобы бірінші орынға, «Тұлпар» тобы екінші орынға, «Сұңқар» тобы үшінші орынға қол жеткізді. Жеңімпаз-жүлдегерлер дипломдармен марапатталды.

Сөйтіп, балабақшадағы бір күн тәмамдалып, қызметкерлер мен тәрбиеленушілердің көңіл күйлерін бір көтеріп тастады.

Б.ІЗБАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521