Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Түбегейлі өзгерістердің қозғаушы күші

Мәжіліс депутаттары Ғалымжан Елеуов, Аманғали Бердалин «Қазақтелеком» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы ұжымымен кездесті. Басқосу барысында еліміз түбегейлі өзгерістердің алдында тұрғанын айтып, оның негізгі қозғаушы күші – конституциялық реформалар екенін айтты.

– Біз еңбек ұжымдарымен, меди­цина, мәдениет қызмет­кер­лерімен және педагогтермен кездесу өткіздік. Мақсатымыз  – Консти­туцияға енгізілетін өзге­ріс­­тер мен толықтыруларды тү­­­сін­діру. Алдағы консти­ту­ция­­лық реформа билік тар­мақтары арасындағы қарым-қатынас теңгерімін оңтай­лан­дырады. Халықтың елді басқа­руға қатысуын кеңейтеді, аза­мат­­тардың конституциялық құ­­қық­­тарын қорғауды күшей­те­ді. Біз­дің әрқайсымыз осы мүм­кін­­дікті пайдалануымыз керек, – деді Ғалымжан Елеуов.

Аманғали Бердалиннің пі­кі­рін­ше, осындай кездесулер­ден Президенттің саясаты мен рефор­маларына ха­лық­тың қол­дауы айқын көрі­не­ді. Бұл – мем­лекеттің әділетті Қазақ­стан құ­рудағы бағытының дұрыс­ты­ғы­ның жарқын көрінісі.

– Конституцияға енгізіле­тін өзгерістің ішінде еліміз­дің суперпрезиденттік басқару­дан түбе­гейлі бас тартып, Прези­дент­­тік Республика моделіне өтуі, барлық партияға тең мүм­кіндік ашылуы, демо­кра­тия­лық қоғамның күшеюі елді жаңа кезең­ге өтуінің кепілі деп біле­мін. Барлық ақтөбелікті саяси нау­қанға атсалысып, да­уыс бе­руге шақырамын, – деді Аманғали Бердалин.

«Қазақтелеком» АҚ Ақтөбе облыстық филиалында қазіргі таңда 465 адам жұмыс істейді. Үлкен еңбек ұжымы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын қол­дайтынын айтып, саяси нау­қан­нан үлкен үміт күтетінін жет­кізді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT