Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Рысқали Әбдікеров Қарағанды қаласының студенттерімен кездесіп, 5 маусымда өтетін референдум мәселелерін талқылады.
Сенатор Қарағандыдағы Бөкетов атындағы университеттің және жоғары медициналық интерн колледж студенттерімен кездесу барысында елімізді одан әрі дамыту үшін конституциялық реформалардың маңыздылығын атап өтті. Ол сондай-ақ Мемлекет басшысы ұсынған түзетулер туралы айтып, олардың барлық қазақстандық үшін ерекше маңызына тоқталды.
«Конституцияның 33 бабына 56 түзету енгізілетін болады. Бұл – Негізгі Заңның үштен бірі. Өзгерістер бірінші кезекте еліміздің азаматтарының құқықтарын қамтамасыз етуге және қорғауға бағытталған. Бұл түзетулер қазақстандықтардың құқықтарын тиімді қорғауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, азаматтардың құқықтарын қорғау – конституциялық реформаның маңызды басымдығы және міндеті», деді сенатор Рысқали Әбдікеров.
Egemen.kz