Жаңа жылдың алғашқы күнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Ана тілі” газетіне берген “Мақсатым - экономиканы және егемендікті нығайту” атты сұхбатын оқыдым.
Сұхбаттағы Мемлекет басшысының:
"Қазақстан орналасқан жері, экономикалық әлеуеті және қазіргі геосаясат ахуалы тұрғысынан алғанда, әлемнің көптеген мемлекеті үшін стратегиялық маңызы бар ел саналады. Бізбен байырғы серіктестеріміз ғана емес, сонау Африка құрлығындағы мемлекеттер де достық қатынас құруға мүдделі. Батыста, жалпы жер жүзінде Қазақстанды орта держава деп атайды. Әрине, бұл мәртебенің салмағы да ауыр. Біз, ең алдымен, халықаралық аренадағы іс-әрекеттерімізге жауапкершілікпен қарап, қазіргі заманның аса күрделі мәселелеріне келгенде, сындарлы ұстанымда болуымыз керек. Сондықтан Қазақстан «барша адамзаттың ортақ үйі», еш баламасы жоқ әрі әмбебап құрылым саналатын Біріккен Ұлттар Ұйымын қашанда жақтайды. Менің басты мақсатым – мемлекетіміздің экономикалық әлеуетін, егемендігін және халықаралық аренадағы орнын нығайта түсу. Мемлекет басшысы болған сәттен бастап қазірге дейін қабылдаған шешімдерім мен оның түрлі салдары үшін бар жауапкершілікті өз мойныма аламын. Мен басқаша жұмыс істей алмаймын, істегім де келмейді" - деп ағынан жарылуы көңілге қонымды.
Жалпы сұхбатта көптеген өзекті мәселе айтылып, болашақтағы елдің дамуына қатысты біраз мәселе қамтылды деп есептеймін.
Толқын БЕЙІСҚАЛИ,
аудандық мәслихаттың төрағасы