Президенттің Қазақстан мен Ресей арасында астықты терең өңдеудің бірлескен кластерін құру туралы бастамасы – стратегиялық тұрғыдан өте маңызды шешім.
Бұл жоба екі елдің аграрлық әлеуетін тиімді біріктіріп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласын жаңа деңгейге көтереді.
Астықты терең өңдеу арқылы ұн, макарон, крахмал және биоэтанол сияқты өнімдер өндірісі артып, экспорттық табыс көзі ұлғаяды. Сонымен қатар, мұндай бірлескен жоба жаңа жұмыс орындарын ашып, ауылдық өңірлердің экономикалық дамуына серпін береді.
Бұл бастама еліміздің агросекторын шикізат сатудан дайын өнім өндіруге көшуге бағыттап, экономиканың тұрақты өсуіне ықпал ететін маңызды қадам болып табылады.
Қайырғали БАЗАРБАЕВ,
ардагер