Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

СОТТАСАТЫН УАҚЫТ ЕМЕС, ДОСТАСАТЫН ШАҚ

Бүгінде аудандық сот елімізде жарияланған төтенше жағдай талаптарын сақтай отырып, азаматтардың, тұрғындардың, сотқа жүгінушілердің қауіпсіздігін, құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында өз жұмыстарын қашықтықтан онлайн режимде еш тоқтаусыз жалғастыруда.

Ең бастысы, аудандық сот төтенше жағдай кезіндегі сақтық шараларын қолдану үшін барлық залалсыздандыру құралдарымен толықтай жабдықталған. Сот қызметкерлерінің барлығы бетперде, арнайы қолғап, антисептик құралдарын үнемі қолдануда. Сот ғимаратын дезинфекциялау жұмыстары белгіленген тәртіпте іске асырылуда. Төтенше жағдайдағы сот жұмысының тәртібі туралы үздіксіз насихаттау жұмыстарының нәтижесінде, азаматтар сотқа тек онлайн түрде, сот кабинеті сервисі, WhatsApp байланысы, TrueConf мобильді қосымшасы арқылы байланыс орнатуда.

Осы орайда, «Төтенше жағдай - соттасатын уақыт емес, достасатын шақ» деген ұранмен сот жүйесі өз жұмысын бір тоқтатпастан жалғастыруда. Халық та, бұл жағдайға түсіністік танытып, қиын кезеңде тек үйде болудың маңызды қадам екенін ұғынуда. Дей тұрғанмен, өмір болғасын тіршілікті де тоқтатып қоя алмайсың. Кейбір кезек күттірмейтін мәселелермен сотқа жүгінгендерге, қашықтықтан электронды түрде жүгінудің тәртібін түсіндірудеміз. Барша қазақ елін, осындай қиын қыстау кезеңде, елімізбен бірге болуға, төтенше жағдай шараларын сақтап, үйде болуға шақырамыз.

Расымен де, қазақ жұртының басына күн туып, адам өмірі мен денсаулығы таразыға түсіп тұрған сәтте соттасудың жөні жоқ. Қонаққа барып, қыдырып жүрген де ақылға қонымсыз. Сондықтан, бар мүмкіндікті пайдаланып, өз жақындарыңыз бен отбасыларыңыздың амандығы үшін сәл сабырлық танытып, үйде болған дұрыс.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521