Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ӘР АУЫЛДЫҢ ДЕРБЕС БЮДЖЕТІ БАР

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» атты бағдарламалық мақаласының 98-ші қадамында: «Селолық округ, ауыл, село, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілетін болады.

Облыс орталықтарында және республикалық маңыздағы қалаларда азаматтардың тиісті бюджеттік жобаларын талқылауға қатысуының тетіктері жұмыс істейді» деген болатын. Аудандық Қазынашылық басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығына сай қызмет етеді. 2018 жылы халық саны бойынша екі мыңнан асатын бес ауылдық округтің бюджеттері өзін-өзі басқаруға көшті.

Ал, биылғы жылдан бастап ІІ деңгейінің IV кезеңі бойынша аудандағы қалған ауылдық округтердің барлығы жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетіне айналды. Мемлекеттік мекеме жергілікті маңызы бар мәселелердің шешімін сол территорияда тұратын жергілікті халықпен бірге қарастырады.

Бұл ретте, жергілікті мәселелерді шешуде қаржы көздерін қалыптастыру, жергілікті өзін-өзі басқару үшін өте маңызды түсім түрлері бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл кент ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы мемлекеттік мүлікті жалға беруден түсетін табыстар, сыртқы (көрнекі) жарнама, облыстық бюджеттен және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерінен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер, жеке және заңды тұлғалардың ерікті алымдары, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдеріннің әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін алынатын айыппұлдары, Қазақстан Республикасы заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер, кіріс көздерін нақтылап, өз қаражаттарын басқару үшін жиналыста талқылап, мәслихатқа бекітеді.

Нақтыланып, бекітілген қаржы қорын басқару ауыл әкімінің құзыретінде болады. Мемлекет олардың қызметін және олардың өкілеттілігі шегінде заңдылық деңгейінде тек жалпы шеңберінде белгілейді. Басқа жағдайларда өзін-өзі басқару органдары мәселені дербес шешеді. Бұл ретте, еліміз жергілікті басқарудың тиімді тәсілдерін қалыптастыру жолында бірқатар түбірлі өзгерістерге қол жеткізіп келеді, саяси билік пен қоғамдық өмірді демократияландырудағы басты мәселелердің бірі жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалау болып табылады.

Гүлназым АЙШУАҚ,

аудандық Қазынашылық басқармасының

бас маман-бас қазынашысы

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521