Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

пробация есебінде 47 адам
пробация есебінде 47 адам

Дүйсенбі күні аудандық прокуратурада пробация қызметінде есепте тұрған сотталушылармен кездесу өтті. Оған пробациялық бақылауда жүрген азаматтар, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция бөлімшесінің бастығы Асқат Құлбаев, пробация қызметі тобының аға инспекторы Бейбіт Ізімов қатысты.

  Жиынды ашқан аудан прокурорының орынбасары Жасталап Орақов:
 – Баршаңызға белгілі елімізде «Пробация қызметі туралы» арнайы Заң бар. Бұл Заңның басты мақсаты – істі болғандарды қоғамдық өмірге бейімдеп, қайталап қылмыс жасауға жол бермеу. Бұл бағытта ауданда біраз жүйелі жұмыстар жасалса да, қайталап қылмыс жасаушылар тиылмай тұр. Былтырдың өзінде пробация қызметінде есепте тұрғанына қарамастан, қайталап қылмыс жасаған екі адам бүгінде темір тордың арғы жағында отыр. Сондықтан есепте тұрған азаматтар өте сақ болғаны жөн. Пробация деген – сотталушыларға берілген мүмкіндік. Сол себептен түзеліп, кәсіп бастап, жаңа өмірге ұмтылған абзал, – деді.
Бұдан кейін сөз алған пробация қызметі тобының аға инспекторы Бейбіт Ізімов қазіргі таңда ауданда пробация есебінде 47 адам тұрғандығын, алдағы уақытта оларды қоғамдық өмірге бейімдеу үшін жұмыссыздар жәрмеңкесі, спорттық жарыстар өткізілетіндігін атап өтті. Өз кезегінде пікір білдірген сағыздық Өмірбек Ғайни мемлекеттің қолдауымен «Бизнес Бастау» бағдарламасы аясында кәсіпкерлік негіздерін оқып, мал бағу үшін жер алып, жұмысын бастағанымен соттылығы үшін деген желеумен жеңілдетілген пайызбен несие ала алмай отырғандығын айтып, осы мәселені шешіп беруді сұрады. Бұған жауап берген аудан прокурорының орынбасары Жасталап Орақов Заңда оған ешқандай кедергі жоқтығын, қайта мемлекет пробация есебіндегі адамдардың кәсіп бастауын қолдайтындығын, бұл мәселені жергілікті атқарушы органдар арқылы көтеріп, оң шешілуіне ықпал ететіндігін жеткізді. 

Дулат МӘТЖАН
 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT