Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Әділ Жұбанов Мәжіліс сайлауына қатысуға ниет білдірді

МӘЖІЛІСКЕ ҚАДАМ ⠀ Биыл Парламент Мәжілісінің сайлауы жаңа форматта – аралас жүйеде өтпек. 16 жылдан бері алғаш рет Қазақстан халқы Мәжілістің депутаттарын тікелей сайлауға мүмкіндік алып отыр. Бұны өз кезегінде «ықпалды Парламент» қалыптастырудың алғышарты деп те бағалауға болады. Мәжіліс пен түрлі деңгейдегі мәслихаттарға бір мандаттық округтерден сайлауға түсу – бұл елдің әрбір белсендісіне, өз аймағын жақсы жаққа өзгерткісі келетін, елдің дамуына үлес қосқысы келетін азаматтарға берілген тарихи мүмкіндік. ⠀ - Мен де, саяси додадан тыс қалмай, мажоритарлық бір мандатты жүйемен Мәжіліс сайлауына қатысуға ниет білдіріп отырмын. Өйткені, еліміздің бүгіні мен ертеңі, Атырау облысының алдағы даму перспективалары мен үшін өте маңызды! ⠀ Қазіргі таңда еліміз жаңа саяси, әлеуметтік-экономикалық реформаларды қажет етеді. Өйткені, мемлекетіміздің басқару жүйесінде, қолданыстағы заңдарымызда, елдің дамуында кемшін тұстардың бар екенін уақыт көрсетуде. Шешімін табуды қажет ететін мәселелер де жетерлік. Атырау қалалық Мәслихатының, кейіннен Атырау облыстық мәслихатының депутаты болып, қоғамдық жұмысты жүргізген кезде оған көзім толық жетті. ⠀ Аралас жүйеде өтетін саяси додада іріктелетін азаматтар мемлекетшіл, Әділетті Қазақстанның нағыз патриоттары болады деп ойлаймын. Себебі, жаңа құрамдағы Мәжіліс пен мәслихаттарда білімді, тәжірибелі, елді дамытуға ынталы, белсенді азаматтық көзқарасқа ие азаматтар мен бизнес өкілдері басым болуы керек. ⠀ Алдағы уақытта кандидат ретінде құжаттарымды тапсырып, ресми түрде тіркеуден өткеннен кейін, барлығын сіздерге хабарлап, баяндап отыратын боламын. ⠀ Ал, сайлауалды бағдарламаны үгіт-насихат кезінде жариялап, Сіздермен талқылаймыз және қажет болса толықтыратын боламыз,- деді Әділ Жұбанов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT