Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сот көп балалы ананың құқығын қорғады

сурет ғаламтордан алынды
сурет ғаламтордан алынды

Сот, азаматшаның бұзылған құқығын қалпына келтіріп, көп балалы ананы бұрынғы жұмысына қайта орналастырды.

 Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-бабының 2-бөлігіне сай, Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

Осы орайда, Қызылқоға аудандық сотына өзінің бұзылған құқықтарын сот арқылы қорғауды көздеп  азаматша А. ауданға қарасты округтегі тиісті балалар бақшасына бұрынғы жұмысына қайта орналастыру, лажсыз бос жүрген күндеріне еңбек ақысын өндіру, моральдық зиян өндіру және тиісті бұйрықтардың күшін жойып, заңсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінді.

Сотта анықталғандай, бала бақшада 2021 жылдан бері тәрбиеші болып жұмыс жасап келе жатқан талап қоюшы А.-ны тиісті бұйрыққа сай, өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны және балалардың қауіпсіздігін сақтамағаны үшін жұмыстан босатқан.

Сот отырысында талап қоюшы А. және оның өкілі талапты толық қолдап, оны қанағаттандыруды сұрады.

Ал, жауапкер, талап қоюшы А.-ға тәртіптік жаза қолдану және жұмыстан босату туралы бұйрықтар еңбек кодексінің талаптары сақтала отырып қолданылғанын көрсетіп, талапты толық қанағаттандырудан бас тартуды сұраған.

Алайда, жауапкер өкілі, сотқа талап қоюшының тарапынан моральға қайшы қылық жасағанын растайтын жарамды және анық дәлелдемелерді сотқа ұсынбаған, бұл оның процессуалдық олқылықтары болып табылады және бұл мән-жайлар сотта зертелген дәлелдемелермен кері шығарылды.

Бұл тұрғыдан алғанда, сот дауланып отырған бұйрық, жұмыс берушімен еңбек кодексінің талаптарын бұза отырып шығарылғанын, заңсыз екенін ескеріп, талап қоюшының тиісті талабы негізді болғандықтан қанағаттандырылуға жатады деген тұжырымға келеді.

Сот шешімімен, тиісті  балалар бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының талап қоюшы А.-ны  жұмыстан босату туралы  бұйрығын заңсыз деп танып, күшін жойып, бұрынғы жұмысына тәрбиеші болып қайта орналастырылды.

Талап қоюшы А-ға бос жүруге мәжбүр болған бүкіл уақыты үшін лажсыз бос жүрген күндерінің еңбек ақысы  өндірілді.

Сот шешімі дереу орындалды. Шешім заңды күшіне енді.

Осылайша сот, 5 ай бойы  құқығы бұзылған көп балалы ананың құқығын қорғап, әділетті шешім қабылдады.

Базаргүл АБДУАЛИЕВА,

аудандық сот әкімшісінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT