Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

СОТ КАБИНЕТІ УАҚЫТТЫ ҮНЕМДЕЙДІ

Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар еліміздегі сот жүйесінің құрылымын одан әрі жетілдіріп, сот өндірісін ықшамдап, оның халық үшін ашықтығы мен қолжетімділігін барынша тиімді етудің жолдарын белгілеп берді.

Бұл ретте, соттың және сот билігінің беделін нығайтып, қоғамда соттың әділдігіне, бейтараптығына және тәуелсіздігіне сенімді орнықтыру, сот төрелігінің жариялылығы мен ашықтық қағидасын іске асыруда заңды және жеке тұлғаларға талап арыздарын «Сот кабинеті» сервисінде орналастырылған электронды нысандарды толтыру арқылы беруге мүмкіндік зор Ал, сот кабинеті - бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе болып саналатын, сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған.

Сервистің негізгі ерекшелігі - азамат, оның адвокат тұлғасындағы өкілі немесе заңгер кез-келген ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ интернет желісі арқылы сот құжатын жолдап, істегі мәртебесін қарай алады. Әрбір сотқа жүгінген азамат «Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығында электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет. Қазіргі таңда сот кабинетін пайдалану соттың да, сотқа жүгінген тұлғалардың да уақыты мен жұмысын азайтады. Айталық, азамат немесе оның заңды тұлғасы өзінің уақыты мен қаражатын жұмсамай, үйінен талап арыз жіберсе, ол электронды түрде соттың базасына түседі.

Сот қызметкері дайын электронды түрде түскен арызды тіркейді. Ол үшін ол құжаттарды сканерден өткізіп, базаға салып жатпайды, өйткені олардың барлығы дайын түседі. Өз кезегінде ол сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтады және сыбайлас жемқорлыққа бейімділікті азайтуға ықпал етеді. Интернетке қосылуға мүмкіндігі жоқ азаматтарға«Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы-«Халыққа қызмет көрсетуорталығы» Департаментінің Қызылқоға аудандық бөлімінде электронды бұрыштар ұйымдастырылған. Барлық келушілерге өкілетті операторлар «Сот кабинеті» сервисін қалай пайдалану керектігін түсіндіріп, қажетті құжаттарды электронды түрде жіберуге көмек береді.

«Сот кабинеті» веб-нұсқасымен «Сот кабинетінің мобильдік нұсқасы» қосымшасы жаңалықтар, істерді қарау тізімдері, тапсырылған құжаттар, хабарлаулар, сот процесі қатысушыларының күнтізбесі, жіберуді күтуде және чат сервистері үйлестірілген. Қазіргі уақытта «Сот кабинеті» бағдарламасының мобильдік қосымшасы жұмыс істеуде. Бұл сот жұмысының ашықтығы мен жариялылығын жетілдіре түседі. Жұртшылықтың сотқа деген сенімін одан сайын арттыру мақсатында осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Гауһар ШЕЛТЕУОВА,

аудандық соттың кеңсе меңгерушісі

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT