Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Соғыс басталғанда Мәскеу қара түтінге бөкті, бірақ бұл бомбалаудың әсері емес еді

Қазіргі кезде де нақты саны белгісіз, бірақ кем дегенде 600 мыңнан астам қазақстандық майдан даласында қаза тапты. Екінші Дүниежүзілік соғыс гитлерлік Германияның Польшаға басып кіруінен, 1939 жылғы 1 қыркүйекте басталғаны мәлім. Қазақстан тарихы пәні аясында "Ұлы Отан соғысы" сол бұрынғыдай бөлек оқытылады, дегенмен, отандық тарихшы ғалымдар ҰОС – Екінші Дүниежүзілік соғыстың бір бөлігі ғана екенін дәлелдеп, жазып жүр.

Ал, екінші жаһандық соғыс 1945 жылғы 2 қыркүйекте Жапонияның капитуляциясымен аяқталғаны белгілі.  
Сонымен, Ұлы Отан соғысы 1941 жылғы 22 маусымда неміс әскерінің Кеңес одағының территориясынан басып кіруінен басталды. Әрбір бесінші қазақстандық майданға әкетілді. Жалпы алғанда, 1 миллион 200 мыңнан астам қазақстандық соғысқа аттанғаны туралы дерек жиі ауызға алынады. Шынында, бұл кезде КСРО армиясының қатарында тағы 178 мың қазақстандық сардар мен сарбаз әскери қызметін өткеріп жатқан еді. Олар бірінші болып, соғысқа кірді.
Қазіргі кезде де нақты саны белгісіз, бірақ кем дегенде 600 мыңнан астам қазақстандық майдан даласында қаза тапты.  
Отандық тарихшылар жанқиярлық ерлігі арқасында қазақстандық жаужүрек жауынгерлердің Мәскеуді, тиісінше, бүкіл Кеңес одағын немістердің басып алуынан қорғап қалғанын айтады.
"Новая газета Европа" өз зерттеуінде Орталық Азиядан, өзге өңірлерден мобилизацияланған армия көмекке жеткенше, Кеңес әскері шегінумен болғанын жазады. Мұны сол зұлмат заман куәгерлері растаған.

"1941 жылдың 15-17 қазаны – соғыстың алғашқы төрт айының шырқау шегі болды. 16 қазанда радиодан Совинформбюроның таңғы хабарламасы жарияланды: "Өткен тәулік ішінде Батыс майданда ахуал нашарлады". Осыдан кейін ел халқына азды-кем ақпаратты там-тұмдап ұсынып тұрған жалғыз ақпарат көзі – радио тынып қалды. Кеңес одағында толық ақпараттық тыныштық орнады. Вермахт Мәскеудің табалдырығына аяқ басып тұрды. Одақ астанасын дүрбелең-паника жайлады. Кеңес басшылары Мәскеуден тұра қашты", – деп жазады "Новая".

Ресейлік жазушы Даниил Гранин 16 қазандағы ахуал туралы кеңестік премьер-министр Алексей Косыгиннің өзіне айтқан естелігін жариялады. Ол кезде Косыгин Халық комиссарлары кеңесі (Совнарком) төрағасының орынбасары болатын. 
Бүкіл Мәскеу қара түтінге бөкті, бірақ бұл бомбалаудың әсері емес еді. Құпия грифі бар құжаттар жаппай өртелді. Бұл "соғыстың басталуының кульминациясы болатын", ол кезеңдегі басты көңіл-күй – белгісіздік және не болып жатқанын түсіне алмай дағдару болды.
"Новая газета Европаның" зерттеуінде айтылғандай, 1941 жылдың 22 маусымында кеңес билігінің естен тана жаздағаны сонша, Германия әскерінің баса-көктей кіргеніне 7 сағат өтсе де, соғыстың басталғаны туралы халықты құлақтандыруды тарс естен шығарып алған.
Биліктегі дүрлігіс пен үздіксіз "байбаламға" салған телефон қоңыраулары арасында Совнарком мүшелерінің бірі ес жиып, "радио арқылы халыққа қайырылған, жауға бірлесе тойтарыс беруге шақырған жөн" болатынын айтады.  
Сталин сөз сөйлеуден бас тартты. Соғыстың совет территориясында басталғанына сегіз сағат өткенде ғана, 12:15-те Молотов халыққа үндеу жолдады. Радиожолдаудан кейін оны Сталин шақырып алды.

"Мен майдандардың қолбасшыларымен тегіс хабарласып шықтым. Олар тіпті майдан даласында нақты не болып жатқанын білмейді. Таңғалып тұрмын, сондай кеуделі әскери бастықтар, кенет жау келгенде абдырап қалғаны. Олар біздің бұйрығымызды күтпей, дұшпанға өз бетінше тойтарыс беруге тиіс еді. Армия да сол үшін керек емес пе?!", – деді И.Сталин.

Бақыт Көмекбайұлы 
Журналист

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT