Әскери қызметшілер арасында «Тоқта және сөйлес» акциясы өткізілуде деп, хабарлайды ATPress kz.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, оның басты мақсаты - әскерлерде профилактикалық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізу, әскери қызметшілердің қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық жасауға тәуекел ету немесе оқталу іс-әрекеттерін алдын алу.
Акция барысында 51051, 41433, 41321 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілеріне қылмыстық, әкімшілік және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу қажеттілігі, құқықбұзушылық орын алған жағдайда әскери қызметшілердің жеке басымен отбасылық қаржылық жағдайына едәуір әскер ететіндігі түсіндірілді.
Бір ай көлемінде өткізілген түсіндіру жұмыстары барысында Атырау гарнизоны әскери полиция бөлімшесінің қызметкерлері әскери қызметшілерге ҚР қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің негізгі талаптары бойынша толығымен мәлімет беріп, заң шеңберінде адал қызмет атқаруға үндейді.
- Қазіргі кезде, Атырау гарнизоны әскери полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен атқарылған профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде әскери қызметшілердің құқықтық саналары ұлғайып, әскери тәртіптің жағдайы әдәуір жақсаруда. Іс-шаралар түсіндіру жұмыстары өз нәтижелерін беріп, құқық бұзушылықтың саны азаюда, - шараны ұйымдастырушылар.
ATPress.kz