Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Әскери қызмет туралы» заң резервтегі қызмет туралы жаңа тараумен толықтырылады

Заң жобасымен жұмыс барысында депутаттар 6 кодекс пен 14 заңға 100-ге жуық түзету енгізді. Атап айтқанда, олар «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңның құрылымына мерзімді және келісімшарт бойынша әскери қызметке ұқсас «Резервтегі әскери қызмет» жаңа тарауын енгізуді ұсынды. Ол резервтегі әскери қызметке қабылдау талаптарын, резервтегі әскери қызметшілердің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ олардың әскери қызмет өткеру тәртібін реттейді.

Сонымен қатар депутаттардың бастамасы бойынша резервтегі әскери қызметшілер басқа әскери қызметшілермен тең дәрежеде әскери қылмыстық құқықбұзушылық субъектілеріне жатқызылады. Бұл ретте Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерде әскери қызметшілердің барлық түріне «әскери қызметші» деген бірыңғай ұғымды қолдану ұсынылады.

Заңмен әскери резервшілерді әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде еңбекақы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары мен жарналары және басқа да төлем мәселелері реттеледі. 

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында заңда 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін әскери қызметтен босатылған әскери қызметшілердің еңбек өтіліне байланысты зейнетақыны жыл сайын индексациялауға мүмкіндік беретін нормалар көзделген. Осы күнге дейін жеткілікті еңбек өтілі бар құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне келісімшарттың мерзімі аяқталғаннан кейін еңбек өтілі бойынша зейнетақы төлемдерін алу құқығы мәселесі оң шешімін тапты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT