Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Әскери есепке тіркелуге шақырамыз!

14 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы №561-IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 15, 16, 17 баптарымен және Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы №28 «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын орындау мақсатында 2002 жылы туылған азаматтарды Қызылқоға ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығын хабарлайды.

Бұрын тіркеуден өтпеген, жиырма жеті жасқа толмаған және 9-сынып бітіріп қалаға оқу орындарына кетіп қалған 2002 жылғы туған азаматтарды аталмыш бөлімге тіркелуге тұруға шақырамыз.

Тіркелуге тиісті құжаттарды жинақтау үшін Қызылқоға ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің 2-14-43, 2-11-04 телефондарына хабарласуына болады.

Мұхаметқали СОЛТАНОВ,

Қызылқоға ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының міндетін уақытша атқарушы,

майор.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521