Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Шоқтығы биік шаруагерлер

Таяуда «Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі» қызметкерлерінің кәсіптік мерекесіне орай, Атырау облысының әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев өңір шаруагерлері мен сала қызметкерлерін қабылдап, құрмет көрсетті. Шара барысында облыс бойынша көптеген шаруагерлер әртүрлі марапаттарға ие болды.

Солардың арасында қызылқоғалық шаруагерлер де бар. Айталық, жангелдиндік «Аян» шаруа қожалығының төрағасы Әнуар Аманғалиевқа облыс әкімінің алғыс хаты табыс етілсе, «Анет» /Сағыз а.о/ шаруа қожалығының төрағасы Жәнібек Аралбаев «Мал асылдандыру үздігі» номинациясын иеленді.

Ал, «Қасым» шаруа қожалығының төрайымы Гүлзина Құдабаева, «Исатай» шаруа қожалығының төрағасы Шаттық Базарбаев, «Мұқатай» шаруа қожалығының төрағасы Ерболат Дүзжасаровтар облыстық мәслихат хатшысының алғыс хатымен марапатталса, көздіғаралық жеке кәсіпкер Марат Төлеуов, «Ақтілеу» шаруа қожалығының төрағасы Марат Көшкінбаев, «Жасқайрат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аға шопаны Талғат Таласовтар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының алғыс хатын иемденді. Сондай-ақ, мерекеге орай Атырау қаласында ұйымдастырылған жәрмеңкеге аудан шаруагерлері өз үлестерін қосып, барлығы 2540 келі жылқы, сиыр, қой еттерін саттыққа шығарды.

Гүлмира МАҚСОТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521