Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Шашасына шаң жұқпаған Шалқарбай

Айтыс десе ішкен асын жерге қоятын жанкүйерлер үшін тағы бір қуанышты жаңалық.

Жерлесіміз, айтыскер ақын Шалқарбай Ізбасаров жақында Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Мәңгілік ел – мұратым» атты республикалық айтысқа қатысып, жүлдемен оралды. Бұл додада маңғыстаулық Нұрлан Мұсаевпен айтысқан Шалқарбай Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай келе, елдік мәселелерді де жырына арқау етіп, Нұрлан ағасымен жарасымды айтыс жасады. Жоғары деңгейде өткен айтыстың қорытындысымен Нұрлан Мұсаев бас жүлде иеленсе, Шалқарбай мен айтыстың ақтаңгері Айбек Қалиев бірінші орынды жеңіп алды. Айтыстың жүлделі екінші, үшінші орындарды Серік Қуанған мен Ержеңіс Әбдиевке бұйырды.

Осылайша, жылашар айтысын жүлдемен бастаған жерлесіміз іле-шала 13 ақпан күні Алматы қаласында өтетін «Асыл домбыра» айтысына қатысып, келесі айналымына жолдама алды. Еліміз бойынша 48 ақын қатысатын бұл дода кезең-кезеңімен сегіз айға созылады. Ендеше, айтулы додада жерлес ақынға тек қана сәттілік тілейміз.

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521