Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сағызда «Тұлпар» - халыққа қызмет көрсетеді

Сүйікті газетім аудандық "Қызылқоғаның" N4 санында (28 қаңтар, 2021жыл.) жарияланған "Заңсыз таксиге тыйым салына ма?" атты тақырыпта жарияланған мақала көпшіліктің көкейінде жүрген ең өзекті мәселе деп ойлаймын.

Қазіргі кезде сәл шаруамыз шығып қалса болды, жаяу жүргіміз келмей, такси шақыртатынымыз ақиқат. Ауданның қай округінде болмасын не көп, такси көп. Заңсыз жүргендердің тапқан тиын-тебені өз қалталарына түседі. Заңды түрде салық төлеп, патенті барлары саусақпен санарлықтай ғана. «Сонда оларға заңды түрде тиым салынып, бір ізге салуға болмай ма? Осы олқылықтың орны қашан толады?» деген ой мені де мазалайтын. Осындай таксилер Сағыз ауылында да жетіп артылады. Көліктері бар адамдар өз беттерімен қалаған жақтарына жүре беретін. Өздері би, өздері қожа болғандықтан, бағаны да қалағандарына сай қоя салады. Халықпен санасуды білмейді. Бұл ретте, жақында Сағыз ауылында бір емес екі таксопарк ашылғанда халық бір қуанып қалды. Әйтпегенде ше? Ауыл тұрғындары діттеген жеріне уақытылы жете алмай, іздеген шағында такси таба алмай сандалып қалатын.

Тіпті, келгеннің өзінде бағаны аспандатып сұрайтынын қайтерсің? Ал, бұл таксопарктің бағалары да қол жетімді. Бұрын сағыздықтар облыс орталығына бару үшін 3 мың, аудан орталығына – 1200 теңге төлейтін болса, енді 2500 теңгемен - облыс орталығына, 1200 теңгемен - аудан орталығына жете алады. Және де көшеден тоқтатып мінсеңіз - 100 теңге, үйіңізге шақыртсаңыз -200 теңге, салонға -500 теңге, теміржолдың арғы бетіндегі 3 ауылға - 700 теңге.

Осы орайда, "Тұлпар" таксопаркінің қызметі өзгелерден өзгерек. Себебі, аталмыш таксопарк ақпан айында ең көп тапсырыс берген клиенттеріне тұрмыстық қажетті техникаларды сыйға ұсынбақ. Мысалы, алғашқы көп тапсырыс берген төрт клиентке газ плита, кір жуатын машина, шаңсорғыш, үтік және де 3Д сағаттар табыс етіледі. Бұған қоса, әр жұма сайын ауыл арасына таксопарк қызметі тегін. Барлық бағытқа жүретін жолаушы таситын көліктері қысқа сақадай-сай, заңды түрде салығын төлегендер. Егер Сіз ең сенімді, ең жылдам такси қызметін пайдаланғаныңыз келсе, +7 775 730 73 03, +7 776 090 19 19 байланыс нөмірлеріне хабарласуыңызға болады. Шақырғанда әп-сәтте жетіп келетін таксопарктің қызметіне ел дән риза.

Демек, осындай заңды такси жүргізушілері көп болса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Осы тұрғыда, ел игілігі үшін жақсы істердің ұйытқысы бола білген Сағындық Таласовқа көпшіліктің алғысына бөлене бер, бастаған ісің берекелі болсын дегіміз келеді..

Сайран БОРАНҚЫЗЫ,

Штаттан тыс тілші,

Сағыз ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT