Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Шартты сотталғандарға да грант беріледі

Қызылқоға аудандық “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен аудандық пробация қызметі тобының есебінде тұрған жұмыссыз, өзін-өзі қамтушы тұлғалармен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге аудан прокуроры Д.Б.Бағытжанов, жұмыспен қамту орталығының маманы Ж.Ж.Иманалиева, кәсіпкерлер палатасының басшысы Е.Ж.Ульжабаев, Пробация қызметі тобының инспекторлары қатынасты.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы аясында мамандар 1 бағыты бойынша техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді оқу қамтамыз ету бағытын, 2 бағыты “Бастау бизнес” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытып, мемлекеттік грант пен несие алу заңдылықтарын түсіндірді. Өз өтініштерін білдірген азаматтар жобалары бойынша сұрақтарын қоя отырып, оларға кең көлемде кеңестер берілді.

Аудандық пробация қызметі тобының аға инспекторы А.С.Жубаниязова “Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы” ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес жұмыссыз тұлғаларды жұмыспен қамтуға, бизнес ашуға өтінім білдірген тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсете отырып, олардың қайталама қылмыс жасауының алдын-ала отырып, оларды қоғамға қайта бейімдеу керектігін айтты.

Кездесуді аудан прокуроры қорытындылай келе, есепте тұрған азаматтарға әлеуметтік құқықтық көмектер көрсету бойынша заң шеңберінде барлық мүмкіндіктер қарастырылуы тиіс екенін айтты.

 

Қызылқоға аудандық пробация қызметі тобының аға инспекторы әділет капитаны

А.С.Жубаниязова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT