Қалаға көп мөлшерде жауын-шашын жаууына байланысты көше бойында жиналған суды тазарту үшін түскен өтінімдер саны артты.
Осы ретте аймақ басшысы келесідей тапсырма берді:
⁃ штаб құрамын облыс әкімдігі қызметкерлерімен күшейту;
⁃ жиналған суды тазалау жұмыстарын жүйелеу;
⁃ қосымша техника санын көбейту;
⁃ қажетті коммуналдық қызмет түрлерін қосу;
⁃ өңірдегі ірі компаниялардан керек техниканы сұрау;
⁃ келіп түскен өтінімдер бойынша тиімді байланыс орнату.