Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

сурет ғаламтордан алынды

    Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 2-бөлігімен азамат С.М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, С.М. өзінің үйінде інісі С.Қ.-ға алкогольдік масаң күйде былапыт сөйлеп, отбасы тыныштығын бұзып, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерiнсіз отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамға сыйламаушылық білдірген, бұл әрекетті бұрын әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған.     
Сот отырысында С.М. кінәсін мойындап, ішімдік ішкеннің салдарынан інісіне дауыс көтеріп балағаттағанын, жасаған әрекетіне өкініп кешірім сұрайтынын айтып көрстетті.   
Жәбірленуші С.Қ. сот отырысында болған оқиғаны растап, ағасы С.М. үйге ішімдік ішкен масаң күйде келіп, ар-намысына тиетін сөздерді айтып, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiріп, отбасы тыныштығын алғанын, сол себепті полиция қызметкерлерін шақыртқанын, мұндай іс-әрекеттер жиі болатынын айтып, заңды шарасын алуды сұрады.   
С.М. мен С.Қ. аға-інілі, олар бірге отбасылық-тұрмыстық қатынаста тұрады.     
    Сот қаулысымен, С.М.Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10  тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.   
С.М.-ға алкогольдік ішімдік ішуге тиым салуды көздейтін ерекше талаптар 1 жыл мерзімге белгiленіп, сол мерзім ішінде оған профилактикалық әңгiмелесу үшiн айына екі рет Қызылқоға аудандық полиция бөліміне баруы жүктелді.    

Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT