Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Серік Шәпкенов: Тұрғындардың қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов жедел басқару орталығына барып, оның жұмысымен танысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

«Атырауда тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін фото-бейнежазба және бейнеталдау жүйесін құру және пайдалану» жобасымен «Көркем Телеком» ЖШС айналысады. Өңірде қауіпсіздікті алдын алу мақсатында 2748 «Сергек» бейнебақылау камерасы орнатылған.

Жыл басынан наурыз айына дейін «Сергек» бейнебақылау камерасы арқылы 21 578 ереже бұзу фактісі анықталды. Ал сәуір айының 13 күнінде жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша 6 394 факті тіркелген. Оның ішінде жылдамдықты арттырғандар саны - 4 244.

Бейнебақылау камералары жол-көлік қозғалысын ғана емес, өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті де бақылауда ұстайды.

Жедел басқару орталығының мәліметінше, жыл басынан бейнекамералардың көмегімен 97 қылмыстың ізі суымай ашылса, жол ережесін бұзған 4 300 құқық бұзушылық анықталып отыр.

Бүгінде өңірде 3500-ден астам бейнекамера орнатылған. Оның ішінде 750 бейнебақылау камерасы интеграцияланған.

Жедел басқару орталығының жұмысымен танысқан облыс әкімі азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерін басты назарда ұстауды тапсырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT