«Азаматтарға арналған үкімет» халыққа қызмет көрсету орталықтарының мереке күндеріндегі жұмыс кестесі туралы айтты.
1,2 мамырда Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге байланысты ХҚО жұмыс істемейді. Ал 3-6 мамыр аралығы – жұмыс күндері.
Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні – 7, 8, 9, 10 мамыр да демалыс болып саналады
Айта кетейік, мемлекеттік қызметтердің 96%-ын халыққа қызмет көрсету орталықтарына келмей-ақ алуға болады. Құжаттар рәсімдеу дәлірек айтқанда eGov мобильді қосымшасы, eGovKzBot2.0 Telegram боты және Egov.kz электронды үкімет порталы арқылы онлайн режимінде қолжетімді.