Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Саяси мәдениетті нығайтуда да зиялы қауымның рөлі аса маңызды – Мәулен Әшімбаев

Саяси мәдениетті нығайтуда да зиялы қауымның рөлі аса маңызды. Бұл туралы бүгін еліміздің қоғам өкілдерімен кездескен Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сонымен қатар, үлкен саяси өзгерістер санадағы өзгерістерді талап етеді. Жолдау саяси либерализация үрдісін тездетеді. Саяси бәсеке, полемика, пікір алуандығы алдағы уақытта арта түсетіні анық. Бұл даурықпа дауды емес, конструктивті диалогты күшейтуге тиіс. Либерализация үрдісі қарқын алған сайын қоғамда мәмілеге келу мәдениеті мен жауапкершілікті арттыру қажет», - деді ол.

Сенат Төрағасының айтуынша, осындай саяси мәдениетті нығайтуда да зиялы қауымның рөлі аса маңызды.

«Президентіміз кеше сөзінің аяғында «Жаңа Қазақстан – жаңару мен жаңғыру жолы, бүгінгі буынның болашақ ұрпаққа аманаты» деді. Қасым-Жомарт Кемелұлы Жаңа Қазақстанды бірге өркендетуге шақырды. Сол себепті алда баршамызды ауқымды жұмыс күтіп тұр. Бүгін соларды ақылдасайық. Ойларыңызды ортаға салыңыздар. Айтылған пікірлер Парламенттің жұмысында ескерілетін болады»,- деп түйіндеді сөзін Мәулен Әшімбаев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT