Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Азаптау туралы істер басты назарда

Мемлекет басшысы азаптау мен қатыгездікпен қарау сияқты ортағасырлық құбылыстарды түбегейлі жоюды тапсырды.

2022 жылғы 15 наурызда облыс прокуратурасы құқық қорғау органдары және пенитенциарлық мекемелерінің жеке құрамының қатысуымен осы мәселе жөнінде кеңейтілген алқа өткізді. Іс-шарада тергелудегі тұлғаларға қатысты дене күшін қолдануға қарсы іс-қимылы проблемалары мен осы санаттағы істер бойынша сот-тергеу тәжірибесі талқыланды.

Тиісті баяндамалармен облыс прокурорының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі және полиция департаменттері басшыларының тергеуге жетекшілік ететін орынбасарлары шықты.

«Ұстап алынғандарға қатысты рұқсат етілмеген шараларға құқықтық мемлекетте жол берілмейді және «жалған әділдікті» қалпына келтірумен немесе кез келген басқа себеппен ақтауға болмайды», – деп мәлімдеді қадағалау органының басшысы Халидулла ДӘУЕШОВ.

Алқада қылмыстық қудалау органдарына қылмыстық процеске тартылған азаматтардың конституциялық құқықтарын мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз ету жөнінде, ал олардың басшыларына бағыныстылардың қызметіне бақылауды күшейтуге тиісті тапсырыстар берілді.

«Тергеу сапасын арттыру және ведомстволық көрсеткіштерді қууды болдырмау өте маңызды», – деп қорытындылады облыс прокуроры.


Атырау облысының прокуратурасы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT