Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Samruk-Kazyna Trust қоры инклюзия кабинеттерінің мамандарын оқытуды бастады

 «Samruk-Kazyna Trust» қоры мен «Теңізшевройл» компаниясының серіктестігі аясында 5 мектепте ашылған инклюзияны қолдау кабинеттерінде 200-ден астам маманды кешенді оқыту басталды. Мұнда логопедтер, дефектологтар, психологтар, емдік-денешынықтыру мамандары, педагогтар білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудің негіздері мен инклюзивті білім берудің жаңа тәсілдерін меңгереді.

Оқытуды «Жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті жағдайлар жасау» жобасы аясындағы инклюзия саласындағы сарапшылар өткізуде. Бағдарлама аясында мұғалімдерге ерекше балалардың мінез-құлқы мен оқуындағы қиындықтарды анықтау, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, сөйлеу, ойлау, моторика сияқты қабілеттері дамуы кешеуілдеген балаларға арналған жаттығулар жүргізу, сондай-ақ емдік дене шынықтыруды тиімді өткізу әдістері үйретілуде.

Сонымен қатар, барлық балаға қолайлы орта қалыптастыру үшін «Инклюзия индексі» негізінде мектеп ортасын бейімдеу жолдары қарастырылады. Оқу аяқталған соң ұстаздарға бір жыл бойы әдістемелік қолдау көрсетіледі. Айта кетейік, желтоқсанда Құлсары қаласындағы №7, №8, №16, №18 және №21 мектептерінде жаңа форматтағы инклюзияны қолдау кабинеттері ашылып, 158 бала тұрақты қолдаумен қамтылған. Соңғы екі жылда «Самұрық-Қазына» АҚ бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» арқылы Астана қаласында, Ақмола және Атырау облыстарында 31 инклюзияны қолдау кабинеті іске қосылып, онда 2000-ға тарта бала білім алуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT