Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сайлау учаскелерінде цифрлық жеке куәлікті пайдалануға болады

     Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

     0100      «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Коняшкин Ростислав онлайн қызметтерді көрсетуде Қазақстан әлем бойынша алдыңғы орында екенін айтады.
      «Бүгінде Қазақстан электрондық үкіметті дамыту бойынша БҰҰ рейтингі бойынша 193 мемлекет арасында 28-ші орында. Атап айтқанда, «онлайн-қызметтер сапасының индексі» бойынша біздің еліміз 8-орынға ие болды. Бүгінде өмірімізді смартфонсыз елестете алмайтын хәлге жеттік. Сондықтан «eGov Mobile» қосымшасын 2019 жылдан бастап іске қостық»,-дейді ол.
      Сондай-ақ «EGov Mobile» мобильді қосымшасы арқылы ай сайын шамамен 1,2 млн. мемлекеттік қызмет, 2022 жылы қосымша арқылы 11 млн астам қызмет көрсетілгенін екен.
      «Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес, 2025 жылға қарай мемлекеттік қызметтердің 100%-ы eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді болады. 2022 жылдың соңына дейін 80% - ға дейін жеткізу жоспарлануда. Жақында жаңа цифрлық құжат – «ҚР азаматының паспорты» іске қосылды, ол тек ел аумағында және Қазақстан азаматтары үшін қолданылады»,-дейді ол.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT